Жаңалықтар

Алматыда "Южная" қазандығының жұмысы қайта іске қосылды

Алматыда "Южная" қазандығының жұмысы қайта іске қосылды
12.11.2023 18:21 500

Алматыдағы "Южная" қазандығында электр қуаты қысқа мерзімге өшкен кейін қайтадан штаттық режимде жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасына сілтеме жасап. 

Оқыс жағдай 12 қараша сағат 09.40-та Бостандық ауданындағы "Южная" қазандығында құрылғы ажырап, электр қуаты аздаған уақытқа берілмей қалды. №3 су жылыту қазандығында қалдық газ-ауа қоспасының тұтануынан автоматика жұмысында ақау болған.

Осы себепті жақын маңдағы үйлердің тұрғындары тарсыл тәрізді дыбысты естіген. 10 минуттан кейін жылу желілерінің гидравликалық режимін қалпына келтіре отырып, сорғы қондырғылары іске қосылды.

Қазандық штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға