Жаңалықтар

Алматыда үйінің терезесінен оқ атқан ер адам ұсталды

Зардап шеккендер жоқ
Алматыда үйінің терезесінен оқ атқан ер адам ұсталды
Фото: © iStock 16.04.2023 19:14 1268

Алматыда үйінің терезесінен оқ атқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

Алматы қаласы полиция Департаменті, Әуезов ауданындағы үйлердің бірінде ер адамның пәтер терезесінен оқ атқаны туралы хабарға патрульдік полиция қызметкерлері және полицияның арнайы жасақтары бірінші болып әрекет еткенін хабарлады.

Нәтижесінде, 1959 жылы туған К.есімді азамат ұсталды, ол алкогольдік масаң күйде өз атына тіркелген аңшы мылтығынан бірнеше рет оқ атқандығы белгілі болды.

Оның әрекетіне құқықтық баға тергеу барысында берілетін болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға