Жаңалықтар

Алматыда туристер тобы құтқарылды

Алматыда  туристер тобы құтқарылды
Фото: gov.kz 05.01.2023 18:21 1630

Соңғы екі аптада Алматыда жаңадан 3 қосымша тау үйшігі орнатылды. Енді олардың саны 18. Соңғы мәліметтер бойынша, тек соңғы 2 айда ғана осы үйшіктерді туристердің 10-нан астам тобы баспана ретінде паналаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Туристік топтан ажырап қалған үш алматылық 25 желтоқсанда «Кіші Алматы айналымы» бағыты бойынша адасып қалады. Тау жорығында Медеу — Кимасаров шатқалы — Фурмановка — Панорама— Башута — Шымбұлақ — Талғар үлкен асуы— Шымбұлақ — Медеу бағыттары қарастырылған.

Өз күштерін ескермеген әрі арнайы жабдықтарсыз және азық-түлік қорынсыз олар Кіші Алматы шатқалындағы арнайы таулы үйшікті паналайды.

«Олар түскі асқа дейін топпен бірге шығып, бес сағат аралығында  топтан мүлдем ажырап, адасып кетеді. Бақытымызға орай, олар күн батқанға дейін арнайы үйшікті паналаған. Үшеуінде шамдар, жылы киімдер болған жоқ. Егер таулы үйшікті паналамағанда олар түнде қатты адасып, үсіп қалулары мүмкін еді», - деді тау құтқарушысы Нұрбол Нұралин.

Құтқарушылар үйшіктен сағат 21:00-де хабар алады, содан кейін құрамында Нұрбол Нұралин бар құтқарушылар тобы адасқан туристерге жіберіледі. Түнгі сағат 2-де олар Кіші Алматы шатқалына жетіп, туристердің жағдайын тексеріп, оларға ыстық тамақ береді. Таңертең адасқан топ қалаға жетті.

Тау үйшіктерін орнату жобасының басынан бері 20-дан астам топ туристік баспананы пайдаланды. Бүгінде Алматы тауларында аса маңызды бағыттардың қиылысу нүктелерінде 18 тау үйшігі бар.

«Туристік үйшікте қонып шыққан соң олардың өте пайдалы екеніне көз жеткіздім. Үйшік мен үшін құтқарушы болды, өйткені мен тіземнің ауырсынуын сезініп, кері қарай жүре алмадым. Арнайы  үйшікте түнеп шыққан соң @visitalmatykz-ке алғыс айтқым келеді, өйткені бұл үйде тау туристері үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: ТЖМ-ге қоңырау шалу түймесі; электр жарығы және ұялы телефонды зарядтау құрылғысы; дайындалған отыны бар пеш; шкафта кружка мен компанияның логотиптері бар үш көрпе болды.Алғашқы медициналық көмек қобдишасы мен үш кереует бар, үйшік алыстан бірден  көрінеді, қызғылт сары түске ие», - деп жазды құтқарылған турист Салтанат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бүгінде Іле Алатау тауларында ауа-райының қолайсыздығы немесе күрделі жорықтар кезінде туристер паналайтын жаңадан 3 қосымша тау үйшіктері орнатылды. Олар Үлкен Алматы шатқалындағы «Терра» алаңында, сондай-ақ Кіші Алматы шатқалындағы Букреев пен Құмбел шыңдарында орналасқан.

Үйшіктер құтқарушылармен шұғыл байланыс жүйесімен жабдықталған, оларда алғашқы көмек апаттық жиынтығы - алғашқы медициналық көмек қобдишасы, мобильді құрылғыларды зарядтау станциясы, жылы көрпе және  бұзылмайтын азық-түлік жиынтығы ( сіріңке, тез дайындалатын кеспе, крекер, банкадағы ботқа, отын) бар. Арнайы үйцшіктер алыстан көзге бірден шалынатын ашық қызғылт сары түске боялған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға