Жаңалықтар

Алматыда теміржолдың үстіне асфальт төселіп кеткен

Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері аталған жерге барып, бұзушылық дерегін растады
Алматыда теміржолдың үстіне асфальт төселіп кеткен
Фото: instagram.com 20.10.2022 01:23 1182

Үштөбе қаласындағы теміржол рельстерінің үстіне асфальт төсеу туралы бейнепост  назарға алынды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

"Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері аталған жерге барып, бұзушылық дерегін растады. Жөндеу жұмыстары кезінде теміржол рельстері жабылғаны анықталды. Аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізген және бұзушылыққа жол берген жол ұйымы жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
 
Полиция хабарлауынша, әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі кезде теміржол өтпелері қалпына келтірілді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға