Жаңалықтар

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді
Фото: © Pixabay.com 13.12.2023 17:00 597

Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай түрлі іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен "Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу ұйымдастырылады. Бұл күні сағат 15.00-де Қонаев мұражайында "Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі" атты фотокөрме өтеді.
 
Сағат 15.00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында "Тәуелсіздік – аппақ таным арайлы" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
 
Сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.
 
16-18 желтоқсан аралығында пауэрлифтинг пен стендтік пресс бойынша қала чемпионаты өтеді.

18 желтоқсанда сағат 15.00-де Alatau Creative Hub-та "Тәуелсіз елдің ұрпағы" зияткерлік ойыны өтеді.

Айта кетейік, Тәуелсіздік мерекесі сенбі күнге түскендіктен демалыс күндері ұзарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға