Жаңалықтар

Алматыда тауда жоғалған екі адам аман табылды

Алматыда тауда жоғалған екі адам аман табылды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 25.03.2024 18:23 311

Алматы тауларында адасып кеткен екі адам аман табылып, таудан түсірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қалалық ТЖД мәлімдеді. 

Алматы құтқарушыларына жоғалған екі туристті іздеу үшін бір сағаттан аз уақыт қажет болды. Естеріңізге сала кетейік, 2005 ж.т. екі жігіт ТЖД кезекшісінің пультіне жағдайлары туралы мәлімдеген болатын. Оқиға орнына келгеннен кейін, құтқарушылар жас жігіттердің бірі аяғын көгерткенін анықтады. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды, - деді Алматы қалалық ТЖД. 

Бұған дейін екі адамның тауға шығып, адасып кеткені туралы айтылған болатын. Тау арасында елдер жырақтаған соң құтқару қызметіне хабарлаған еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға