Алматыда тауда адасып кеткен жігіт пен қыз құтқарылды
15.05.2025 03:25
759

Фото: ҚР ТЖМ
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Медеу бөгетінің сол жақ беткейінде, 2300 метр биіктікте, тауға шығып, өз бетімен төмен түсе алмаған жігіт пен қызды төменге түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқару жасағының жедел әрекетінің арқасында жас жұп қауіпсіз жерге жеткізілді. Абырой болғанда, оларға медициналық көмек қажет болмады.
Таудағы қауіпсіздік – басты мақсат! Жолға шығар алдында күшіңізді дұрыс бағалап, мұқият дайындалыңыз, - делінген ТЖМ мәліметінде.
Бөлісу:
