Жаңалықтар

Алматыда тауда адасқан екі адам іздестіріліп жатыр

Алматыда тауда адасқан екі адам іздестіріліп жатыр
Фото: Бейнежазбадан скриншот 25.03.2024 16:50 315
Алматы тауларында екі турист жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Оқыс жағдай туралы тауға шыққан жастар байланысқа шығып, хабар берген. 
Қазіргі уақытта Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 4 қызметкер және 1 кинологиялық есеп Медеу ауданына Үлкен Алматы шатқалына бет алды. 19 жастағы екі жігіт ТЖД кезекшісіне олардың орналасқан жері туралы бейнероликті ұсынды. Құтқарушылар іздестіру орнына шықты, - деді министрліктің баспасөз қызметі. 
Бұл ретте ТЖМ тауда адасып қалған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды ескертіп отыр. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға