Жаңалықтар

Алматыда тау бөктерінде қураған шөп отқа оранды

Алматыда тау бөктерінде қураған шөп отқа оранды
Фото: Өрт туралы бейнежазбаның скриншоты 08.05.2023 12:17 581

Алматыда Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тілсіз жаудың тұтануы туралы бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралған.  Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Кіші Алматы орманшылығы 33-аумағында қураған шөп жанып жатқанын мәлімдеді. 

Оқиға орнында «Іле-Алатау» МҰТП қызметкерлерінен 27 адам және Төтенше жағдайлар департаментінен 22 маман, сондай-ақ 5 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметінен. 

Төтенше жағдайды ретке келтіру үшін қазіргі уақытта Медеу тауындағы өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» ұшағы шыққаны белгілі болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға