Жаңалықтар

Алматыда тағы бір көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда тағы бір көшеде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: ©El.kz/Александр ПАВСКИЙ 23.06.2023 15:11 840

Алматы қаласында Черепанов көшесі бойынша жол жүру қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«26-30 маусым аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданында Черепанов көшесінің бойы Сүлейменов көшесінен Пришвин көшесіне дейін екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС-нен.

Уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астынан өтетін магистральды құбырды жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп отыр.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға