Жаңалықтар

Алматыда табиғат паркінде ереже бұзған тұрғындар 1 миллион теңгеден астам сомада айыппұл салынды

Алматыда табиғат паркінде ереже бұзған тұрғындар 1 миллион теңгеден астам сомада айыппұл салынды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 11.06.2023 18:15 495
Алматыда Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде заңсыз жерлерде от тұтату фактілері бойынша 1 млн. астам теңге айыппұл салынды,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Қазгидрометтің дауылды ескертуі негізінде Алматы тауларында өрт қауіптілігінің жоғары класы жарияланған болатын. ТЖД-ның барлық жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне ауыстырылып, табиғи өрттердің алдын алу бойынша мониторинг жүргізіліп жатыр.
 
ТЖД өрт қауіпті кезеңінің басынан бастап жергілікті полиция қызметі, мемлекеттік ұлттық табиғи паркпен бірлесіп 45-тен астам рейд өткізгенін мәлімдеді.  Өрт қауіпсіздігі ережелерін  бұзуған 4 жеке тұлға ҚР ӘҚ 367-бабы бойынша жалпы сомасы 1 380 000 айыппұл түрінде туралы әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.
 
Сонымен қатар, табиғатты қорғау полициясы ҚР ӘҚ 505-бабы бойынша ескерту түрінде 5 хаттама толтырды.

Рейдтік іс-шаралар кезінде тепловизорлармен және құлақтандыру жүйесімен жарақтандырылған пилотсыз ұшу аппараттары (дрондар), құлақтандыру автомобильдері қолданылады. Барлығымыз білетіндей, қала аумағында орналасқан табиғи парктердің аумағы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ» мәртебесіне ие. От жағу фактілері қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеміз, өйткені құрғақшылық пен ыстық ауа-райында шөп тез тұтанады, бұл өртке әкелуі мүмкін. Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын темекі тұқылын құрғақ шөпке тастамауға, бөтелкелер, сынған әйнек қалдырмауға кеңес береміз, олар жанғыш линзаларға айналуы мүмкін. Табиғатта ашық оттың жағылуына жол бермеу өте  маңызды. Құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіз.  Құрғақ шөпті әдейі өртейтін адамдар, жақын аймақты тазарту үшін  қауіп төндіреді. Мысалы, жеке ауланың иелері мен бағбандар  ыстық күннен кеуіп қалған шөп пен қоқысты өртеп жібереді, - деп жазылған қалалық департамент таратқан мәліметте.

Департамент қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі адамдар бұзушылықтың сипаты мен келтірілген залалға байланысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн екенін ескертеді. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға