Жаңалықтар

Алматыда суретші Николай Рерихтің 150 жылдығына арналған көрме ашылды

Алматыда суретші Николай Рерихтің 150 жылдығына арналған көрме ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 11.04.2024 06:02 262

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында суретші Николай Рерихтің 150 жылдығына арналған «Жол басы» атты көркем және иллюстрациялық кітап-көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «Орыс өнері» мұражайының залында суретшінің ерте петербор кезеңіндегі төрт туындысы бар: «Половец лагері» (1914), «Қаһарлылар» (1901), «Мехески – ай халқы» және «Алып Кримгерд».

Николай Рерих – әлемдік деңгейдегі мәдениет қайраткері, жазушы, ғалым, қоғам қайраткері, ойшыл, суретші 7000-нан астам картина жазған.

Ол Орталық Азиядағы ғылыми-зерттеу және өнер экспедициясының жетекшісі ретінде Шығыс мәдениетін зерттеп, жинақтаған білімін картиналар мен кітаптарға түсірген. 1926 жылы суретші Қазақстанға келіп, өзінің күнделіктерінде егжей-тегжейлі сипаттама қалдырған, кейін осы ақпараттардың негізінде «Алтай-Гималай» жол сапар очеркін жазды.

Сондай-ақ мұражайда «Н.К. Рерих. Мәдениет арқылы бейбіт әлем» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Келушілер суретшінің өмірі жолымен және шығармашылығымен танысты.  

Көрме 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға