Жаңалықтар

Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 02.04.2024 15:05 351

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, небәрі үш күнде алматылықтар 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Бұл азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б. Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты.

Алматы қаласы Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 10-нан астам ірі волонтерлік ұйымы («QAMQOR CHARITY» ҚҚ, «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ, СФРМ, Black Sea Fund «Newman» және т.б.) мен 50-ден астам ерікті жұмылдырылды.

Айта кететін нәрсе, қабылдау пункті аптаның соңына дейін жұмысын жалғастырады. Гуманитарлық көмекті күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін тапсыруға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға