Жаңалықтар

Алматыда студенттер жатахқанасы мәселесі қашан шешіледі

Алматыда студенттер жатахқанасы мәселесі қашан шешіледі
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 22.07.2023 02:17 495

Бүгін жұмыс сапары аясында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматының жетекші университеттерінің ректорларымен және инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесуге орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, «Қаржы орталығы» АҚ және Жобалық кеңсенің өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, кездесуде жоғары оқу орындарын жаңа оқу жылына дайындығы және студенттерді баспанамен қамтамасыз етуге байланысты мәселелері талқыланды. Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешуге, қолданыстағы жатақханаларды жаңғыртуға және студенттердің жайлылығын арттыру үшін жаңа технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ жаңа студенттік жатақханалардың құрылысындағы прогресс қарастырылып, Алматыда студенттік жатақханалардың құрылысы бойынша жобаларды іске асырумен айналысатын жобалық кеңсенің жұмысы туралы ақпарат ұсынылды.

Саясат Нұрбек студенттер үшін жайлы өмір сүру жағдайларын жасаудың маңыздылығын және орын тапшылығы мәселесін шешудің өзектілігін атап өтті. Бұл мәселе Алматыдағы Үкімет пен жоғары оқу орындары үшін басымдық болып танылды. Министр студенттік жатақханаларды салу және жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру, сондай-ақ өсіп келе жатқан сұранысты ескере отырып, жатақханаларды дамытуды оңтайлы жоспарлау үшін университеттермен белсенді әріптестік қажеттігін айтты.

Көріп отырғанымыздай, бүгінгі таңда Алматы жоғары оқу орындарында оқуға ниет білдірушілер көбейіп келеді. Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының деректері бойынша қажеттілікке болжау жасалды, 32 718 төсек-орын қажет екен. Бұл жаңа қабылдауды есепке алмағандағы болжам. Осыған байланысты өткен жылғы тәжірибені және осы мәселе бойынша тәуекелдерді ескере отырып, жан-жақты шаралар қабылдау қажет. Жоғары оқу орындарының басшыларына 15 тамызға дейін барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын аяқтауды, сондай-ақ корпустарда, жатақханаларда, асханаларда және санитариялық тораптарда толық дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, - деді министр.

Кездесуге қатысушылар жоо-лардың студенттік жатақханаларының құрылысы белсенді түрде жалғасып жатқанын және қазіргі уақытта жатақханалардағы орын тапшылығын жою мақсатында инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында ҚР ҒЖБМ қалалық әкімдік, университеттер және басқа да мүдделі тараптар арасында жоо жатақханаларындағы орындардың жетіспеушілігі мәселесін ойдағыдай шешу және студенттер үшін жайлы өмір сүру жағдайларын жасау үшін одан әрі тығыз ынтымақтастық қажеттігі атап өтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға