10 қаңтарында полицейлер арнайы операция жүргізіп, Талғар ауданының аумағында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы анықтады. Нарколаборатория Жаңалық кентіндегі үйлердің бірінде жұмыс істеген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция қызметкерлері тінту жүргізіп, оның барысында 8,39 грамм "мефедрон" есірткі затын, 30 литр мөлшеріндегі прекурсорлар, салмағы 2 келі 162 гр БК-4, жалпы салмағы 2 келіден асатын метиламин, сондай-ақ 20 грамнан астам марихуананы әшкерелеп, тәркіледі. Сонымен қатар, есірткі құралдарын дайындауға және қолдануға арналған түрлі заттар тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша Талғар ауданы ПБ-да тіркелді. Күдікті деп танылған 34 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана анықталды
Оқи отырыңыз
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар