Жаңалықтар

Алматыда шетелдіктерді жұмысқа алған 65 қазақстандыққа айыппұл салынды

Алматыда шетелдіктерді жұмысқа алған 65 қазақстандыққа айыппұл салынды
Фото: polisia.kz 24.06.2024 11:21 282

Алматыда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 65 қазақстандық айыппұл арқалады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы көші-қон қызметінің хабарлауынша, жұмысқа шетелдік жұмыс күшін тартудың белгіленген тәртібіне қарамастан, кейбір жеке және заңды тұлғалар оны елемей, сол арқылы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзып отыр.

Бұған дейін хабарланғандай осы күндері Алматыда жалпы қаладағы қылмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру мәселелері – басымдықта. Заңсыз жүргендерді анықтау және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру арналарының жолын кесу бойынша жергілікті рейдтер жүргізілуде, – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Алматы қаласының полиция қызметкерлері кезекті рейд барысында нысандардың бірінде қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзып, Қазақстанда жүрген 51 шетелдікті анықтады.

Олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, ПД-ның қабылдап-тарату орталығына орналастырылды.

Нысанның басшысы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға