Жаңалықтар

Алматыда шағын кәсіпорындар саны екі есеге артты

Алматыда  шағын кәсіпорындар саны екі есеге артты
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 22.09.2023 23:15 3120

Биыл Алматыда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындар саны 315,2 мыңды құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 44,7%-ға артық.

2023 жылдың бірінші тоқсанына Алматыда республика бойынша тіркелген 2,1 млн-нан 368,6 мың ШОБ субъектісі тіркелген.

Бұл ретте оның 315,2 мыңы — жұмыс істеп тұрған компаниялар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44,7% — ға артық, - деп хабарлады агенттік Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға