Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында 2025-2027 жылдарға арналған бюджет қабылданып, оған қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыруға 14 миллиард теңге қарастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама аясында ғимараттардың сейсмикалық төзімділігін анықтау үшін төлқұжаттау жүргізіледі, бұл Жапония, АҚШ және Израильдің тәжірибесі бойынша сейсмикалық күшейту бағдарламасын әзірлеуге көмектеседі.
2025 жылы 3 мектептің сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталып, №50 мектеп-лицейі мен 7 балабақшада басталады.
Көшкін қаупін бағалау үшін құны 168,8 млн теңге болатын жоба іске асырылуда. Сондай-ақ, жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйесін жақсарту үшін 70 жаңа сейсмикалық станция орнату көзделген.
Халықты өзін-өзі құтқару және төтенше жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдысына үйрететін симуляциялық оқу-әдістемелік орталық салу қосымша жоспарланып отыр.
Алматыда сейсмикалық бағдарлама әзірленеді
Оқи отырыңыз
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр