Жаңалықтар

Алматыда «Senat Open» шахмат турнирі бастау алды

Алматыда «Senat Open» шахмат турнирі бастау алды
Фото: Senat open 30.04.2024 16:38 413

Қазақстанда шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында Алматыда шахматтан «Senat Open» турнирі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылуда.

Шахматтан әлем чемпионы және Азия континенттік чемпионы атағына 18 елден 126 ойыншы таласуда.

Сайысқа қатысушы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дулат Тастекейдің айтуынша, қазіргі таңда шахмат еліміздің жаңа білім беру жобасына енгізіліп, мектептегі міндетті пәнге айналуда.

Бұл — жас пен жынысқа қарамайтын, көпшілік шұғылдана алатын спорт. Олай болса, барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді Дулат Тастекей.

Алматыдағы тоғыз турдың қорытындысы бойынша тамыз айында жартылай финалда күресті жалғастыратын 25 үздік қатысушы анықталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға