Жаңалықтар

Алматыда рекордты көлемде есірткі партиясы тәркіленді

Алматыда рекордты көлемде есірткі партиясы тәркіленді
Фото: © ҰҚК 23.01.2024 09:38 378

Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткінің рекордты партиясы заңсыз айналымнан алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 18 қаңтарда Алматы қаласында жалға алынған жеке үйде психотропты заттарды дайындау процесінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы 1997 жылы туған Қазақстан азаматы қылмыс үстінде ұсталды, - делінген мәліметте.

Тінту кезінде одан 200 кг астам «мефедрон» есірткісінің дайын өнімі мен 100 литр шикізат алынды.

Алынған «мефедрон» көлемі шамамен 610 мың бір реттік дозаға эквивалентті.

ҰҚК дерегінше, есірткілер Қазақстан аумағында таратуға арналған.

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға