Жаңалықтар

Алматыда қыз зорлаған бар күзетшісі сотталды

Алматыда қыз зорлаған бар күзетшісі сотталды
Фото: Әлеуметтік желі 29.04.2024 16:40 4192

Алматыда қыз зорлаған бардың күзетшісі 8 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты 24 жастағы сотталушы Құдайберген Дінмұхамедке катысты кісі өлтіру қатерін төндіріп, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны, сондай-ақ күш қолданып тонау жасағаны үшін айыпталған қылмыстық істі қарады (ҚК 120 бабы 2 бөлігі 2 тармағы, 121 бабы 2 бөлігі 2 тармағы, 191 бабы 2 бөлігі 1 тармағы).

Қылмыстық іс жыныстық қылмыспен байланысты болғаннан кейін процесс жабық режимде өтті (ҚР ҚК 29бап).
 
Сотталушыға 2 эпизод бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды.

Сот 2023 жылдың 7 тамызына қараған түні, сотталушы К. қаланың көңіл көтеру орындарының бірінде күзетші болып жұмыс істей отырып, сол түні мекемеге келген жәбірленуші П.- мен танысқанын анықтады. Кейін соталушы, жәбірленушінің сеніміне кіріп, үйіне дейін шығарып салуды ұсынған.
Үйдің кіреберісіне кірген соң, сотталушы жиналмалы пышағын шығарып жәбірленушіні өлтірем деп қорқытып, жыныстық сипаттағы әрекеттерін жасап, содан кейін зорлаған.
 
Сот сотталушы К., өзінің жазасыздығын түсініп, материалдық жағдайын жақсарту мақсатында тағы бір қылмыстық іс жасауға ниеттенгенін анықтады.

2023 жылдың 9 қарашасында таңертең сотталушы К., қаланың түнгі клубтарының біріне келіп, кірер есік алдында екі жас жігіттің жанжалын көреді. Кейін жәбірленушіге жақындап, бетіне соққы беріп, содан кейін қалтасынан бағалы заттарын шығаруын сұрайды. Жәбірленуші, сотталушының физикалық артықшылығын түсініп, қалтасынан ұялы телефоны мен қолма-қол ақшасын шығарады. Ақшаны алған соң, сотталушы жәбірленушіден ұялы телефонының және мобильді қосымшасының кодын хабарлауын сұрайды, содан кейін, 10 мың теңге көлеміндегі сумманы онлайн өзіне аударып, жәбірленушіге ұялы телефонын қайтарады, содан кейін белгісіз бағытқа кетеді.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындыларымен, куәлардың айғақтарымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
 
Сот үкімімен сотталушы К. өлтіру қатерін төндірумен ұласқан зорлық бойынша, өлтіру қатерін төндірумен ұласқан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға