Жаңалықтар

Алматыда құны 7 млрд теңге тұратын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Алматыда құны 7 млрд теңге тұратын жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Фото: © El.kz 16.08.2023 11:15 717

Алматыда құны 7 млрд теңге тұратын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заңсыз алынған жер учаскесін Алматы қаласының прокуратурасы анықтады. Прокуратура мәліметінше, 2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді.

Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесі «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады, - делінген мәліметте.

Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға