Жаңалықтар

Алматыда қоймадан шыққан өрт сөндірілді

Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді
Алматыда қоймадан шыққан  өрт сөндірілді
Фото: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті 11.11.2022 14:07 886

Алматыдағы базардың біріндегі қоймадан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнында жеке құрамның 86 қызметкері, 25 техникасы мен қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары жұмылдырылды.

Жалынды ауыздықтау үшін 3 учаске құрылды. Өрт ошағын анықтауға тепловизорлар қолданылды.

Отқа оранған қойманың бетон конструкцияларының құлау қаупі болғандықтан өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтауға ерекше назар аударды.

«Қабылданған жедел шаралардың арқасында күрделі өрт 1 сағат 9 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Алматыдаағы қоймалардың бірі бүгін таңертеңнен бері  өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға