Жаңалықтар

Алматыда қоймадан өрт шықты

Алматыда қоймадан өрт шықты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 24.02.2024 20:45 510

Алматыда құтқарушылар Алатау ауданының қойма үй-жайында шыққан өртпен күресуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

24.02 сағат 19-43-те Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы, Теректі ш / а, Айналмалы көшесі 1070/4 мекенжайына
 жоғары дәрежеде жіберілді.

Оқиға орнына сағат 19.56-да келген бойда қойма үй-жайлары жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндіруге жеке құрамнан 29 адам, 7 бірлік техника, сондай-ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.

Өрт сағат 20.37-де оқшауланды.

Су көздерінің алыс болғаны өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Су тасу жұмыстары ұйымдастырылды.

Өрттің таралу қаупі жойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға