Жаңалықтар

Алматыда қоян-қолтық күрестен алғашқы чемпионат өтті

Додаға 60-тан астам әскери қызметші қатысты
Алматыда қоян-қолтық күрестен алғашқы чемпионат өтті
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 01.02.2023 04:19 988

Алматыда қоян-қолтық күрестен алғашқы чемпионат өтті, деп хабарлайды El.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштері қолбасшысының кубогы үшін 8 команда құрамында 60-тан аса әскери қызметші сынға түсті.

Бұл жекпе-жек түрінің турнирі Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының базасында Арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің жауынгерлік даярлық жоспары аясында өтті.

Қарулы күштердің элиталық бөлімшелерінің өкілдері армиялық қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгеруге міндетті. Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы осыдан бір жыл бұрын құрылған. Дегенмен біздің түрлі сайыстардан жинаған тәжірибеміз де бар.  Осы турнирде спорт шеберлері және спортта басқа да жетістіктері бар, Әлем, Азия және ТМД чемпиондары бағын сынады, – деді Арнайы операциялар күштері қолбасшысы басқармасының аға офицері майор Нұрдәулет Ержігітов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға