«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанының төртінші аптасында «Қоқыстан жасалған үздік арт-объект» байқауының қатысушылары салтанатты түрде марапатталды. Байқауға келіп түскен 30-дан астам өтінімнің 15-і жобаға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші орын мен 1 млн теңге көлемінде сыйлықты «Ластанған сана» жобасының авторы студент Әли Жадықов алды.
Екінші орын ескі кеңсе техникаларынан робот жасаған «Қара жылқы және қазақтың құмай тазысының» мүсіншісі Қуаныш Мұхамеджановқа бұйырды.
Жас сәулетші Даниэль Юсуфовтың «Architecton - Anthropocene» атты жұмысы үшінші орын иеленді.
Алматы әкімі Әлішер Әбдіқадыров тұрғындарға науқанға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Ол қаланы көркейтудегі бірлескен жұмыстың маңызын атап, бұл уақытша бастама ғана емес, тұрғындардың күнделікті өмір салтына айналу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, Алматыны мәдени әрі таза қалаға айналдыру үшін атсалысуға шақырды.
Алматыда «Қоқыстан жасалған үздік арт-объект» таңдалды
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады