Жаңалықтар

Алматыда Қажымұқан көшесімен жүруге уақытша шектеу қойылады

Алматыда Қажымұқан көшесімен жүруге уақытша шектеу қойылады
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 25.06.2024 17:45 272

Қажымұқан көшесінің бойымен Госпитальная көшесінен Достық даңғылына дейін 2024 жылғы 27 маусымда сағат 09:00-ден 1 шілдедегі 08:00-ге дейін автокөлік құралдарының қозғалысы жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған көше бойынша екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

Естеріңізге сала кетейік, мердігер «АСКАДИ» ЖШС 2023 жылы 25 жылдан астам жыл қызмет етуімен өзінің нормативтік қызмет ету мерзімін өтеген, ұзындығы 617 метр құбырды жаңғыртқан болатын.

Құбыр 86 көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарын, 6 мектеп, 4 балабақша, 14 денсаулық сақтау объектісін және 15 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Жаңғырту осы учаскеде жылу шығынының, тозудың және апатты жағдайлар туындауы ықтималдығының деңгейлерін азайтуға мүмкіндік берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға