Жаңалықтар

Алматыда қай тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмау керек

Алматыда қай тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмау керек
Фото: korter.kz 27.03.2023 20:46 616

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында құрылысқа қажетті рұқсаты жоқ тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің сатылатыны туралы хабарландыруларды анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының әкімдігі толық құжаттаманың болмауына байланысты жылжымайтын мүлікті сатып алуға болмайтын тағы екі тұрғын үй кешенін атады:

- "Auezov Apartaments" ТК - Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 183/19. Тапсырыс беруші "Garant LTD Service" ЖШС.

2021 жылғы 30 Сәуірде тапсырыс беруші тарапынан "Garant LTD Service" ЖШС жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңартуға және қолданыстағы құрылыстарды бұза отырып, қызмет көрсету объектілері бар әкімшілік ғимараттың қосымша құрылысын салуға хабарлама берді.

Алайда, жылжымайтын мүлікті сату сайттарында көрсетілген мекенжай бойынша пәтерлердің жарнамасы орналастырылған, бұл қолда бар құжаттарға сәйкес келмейді.

- "Tole bi Residence" ТК - Алмалы ауданы, Аносов көшесі, 103 "Б". Тапсырыс беруші "Adal Сity Stroy" ЖШС.

Хабарламадағы ақпаратқа сәйкес, 1-блок құрылысының 1-кезегі 2023 жылдың 4-тоқсанында пайдалануға беріледі.

Алайда, бүгінгі күні жоғарыда аталған объект бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама түскен жоқ және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмеген.

Алматылықтарға жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет екенін еске саламыз, мұны Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісінің нөмірі бойынша жасауға болады, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға