Жаңалықтар

Алматыда қатты жер сілкінісі қайталана ма? Комиссия мән-жайды айтты

Алматыда қатты жер сілкінісі қайталана ма? Комиссия мән-жайды айтты
Фото: ТЖМ 04.03.2024 15:21 10599

Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында күшті жойқын жер сілкіністері 70% ықтималымен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 04 наурыз күні 12 сағат = 20 минутта Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.

4 наурызда 11:22 мин (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды. Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды.

“Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жойқын жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді. Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады, - делінген ақпаратта.

Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға