Жаңалықтар

Алматыда қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша күдікті ұсталды

Алматыда қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша күдікті ұсталды
Фото: El.kz 28.03.2023 09:45 625

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларын жою бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп оңтүстік мегаполис аумағында «Qnet» қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Ол азаматтардан ақша жинап, біреуінің жарналарының есебінен басқа қатысушыларды байыту мақсатында қайта бөлді.

Айта кету керек, «Qnet» қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция түрінде жасырылған. Бірқатар шет елдерде «Qnet» компаниясы қаржы пирамидасы болып танылды. Сондай-ақ, оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.

Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 айға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға