Жаңалықтар

Алматыда қар көшкіні мен су тасқыны: Тұрғындарға ескерту жасалды

Алматыда қар көшкіні мен су тасқыны: Тұрғындарға ескерту жасалды
Фото: sputnik.kz 24.02.2023 18:00 1039

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке қарағанда, 25-27 ақпан аралығында таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, қалың тұман түсіп, қөктайғақ болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қар жылдам еріп, мұз әлсірейді және өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін.

«Жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен қалыңдығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 24-25 ақпанда қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға