Жаңалықтар

Алматыда өз-өзіне қол салған қыз жоғары қабаттан құлап қайтыс болды

Алматыда өз-өзіне қол салған қыз жоғары қабаттан құлап қайтыс болды
Фото: Әлеуметтік желіден 20.05.2023 10:14 696

Алматыда 23 жастағы қыз жоғары қабаттан секіріп қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марқұмның қаладағы тұрғын үйлердің бірінің жоғары қабатынан секіріп кеткені туралы фото мен видео әлеуметтік желіде кеңінен таралды. 

Видео Teracotta Almaty тұрғын үй кешенінде түсірілген. Оқиға орнында бір адам бүгін өз-өзіне қол салып, қайтыс болды. Оның неліктен бұлай істегені белгісіз", - деп жазылған жазбада.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады. Бұл іс Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Белгілі болған дерек бойынша, суицидке барған қыз бала 2000 жылы туған. 

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деді Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметіндегілер. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға