Жаңалықтар

Алматыда орындықта отырған әйелге ер адам шабуыл жасады

Алматыда орындықта отырған әйелге ер адам шабуыл жасады
Фото: Видеодан алынған кадр 12.04.2024 13:17 1220

Алматыда орындықта демалып отырған әйелге белгісіз ер адам шабуыл жасады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Козачковтың Telegram-арнасында белгісіз адамның әйелге жасаған шабуылының видеосы жарияланды. Oқиға 10 сәуірде болған. Видеодан белгісіз жігіт келіп, орындықта отырған әйелді мойнынан ұстап алғанын көруге болады. Көрші ғимараттан шығып, өтіп бара жатқандардың арқасында әйел құтылып үлгерген.

Алматы полициясының баспасөз қызметі әйелге дене жарақатын салу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Ер адам ұсталып, жауапқа тартылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға