Жаңалықтар

Алматыда өрт сөндіруші-құтқарушылар жұмыс аумақтарын ретке келтірді

Алматыда өрт сөндіруші-құтқарушылар жұмыс аумақтарын ретке келтірді
Фото: Алматы әкімдігі 21.04.2024 13:41 410

Алматылық құтқарушы - өрт сөндірушілер "Алматы – біздің ортақ үйіміз" ауқымды науқанына қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері сенбілікке шығып, айналадағы аумақты ретке келтіру, өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсету және қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қосу үшін сыпырғыштармен, тырмалармен және күректермен қаруланды.

Мегаполистің барлық 20 өрт сөндіру бөлімдерінде аумақ өткен жылғы шөптер мен жапырақтардан тазартылды, ағаштар ақталды, қоршаулар боялды, ағаштар отырғызылды.

"Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны 8 сәуірде басталды. Әрбір тұрғын мегаполисті дамытуға және көріктендіруге өз үлесін қоса алады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға