Жаңалықтар

Алматыда өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды

Алматыда өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Фото: gov.kz 12.01.2023 20:35 1076

Алматының орталығындағы  4 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Тілсіз жау үйге жапсарлас салынған бургер әзірлейтін нысан, сондай-ақ асхана ғимараты мен 3-ші қабатта орналасқан пәтерге тараған. Абай даңғылы мен Ахмет Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы үйдің жанып жатқаны туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 14:31-де түскен.

Өрт сөндіру барысында 2 адам құтқарылды. Оның бірі – бала. Сондай-ақ 60 адам эвакуацияланды. 2 сағат арпалысқаннан кейін тілсіз жау толық сөндірілді.

Оттан зардап шеккен пәтерлердің тұрғындары уақытша қонақ үйлерге жайғастырылады. Өрттің шығу себебін арнайы зертхана мамандары анықтайтын болады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға