Жаңалықтар

Алматыда өрт болған хостелдегі адамдар қайда эвакуацияланып жатыр

Алматыда өрт болған хостелдегі адамдар қайда эвакуацияланып жатыр
Фото: Әлеуметтік желі 30.11.2023 09:17 689

Алматыда өрт болған хостелден 59 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің сағат 8:40-тағы мәліметі бойынша, олардың үшеуі жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

Зардап шеккен өзге қонақтарды автобуспен алып кетіп жатыр. Олардың арасында Үндістан азаматтары да болуы мүмкін.  

Қазіргі таңда 56 адам жақын маңдағы мектеп ғимаратына орналастырылды. Оларға ыстық тамақ беріліп, толық медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Бір сағат ішінде аудандағы қонақ үйге орналастырылады, - делінген әкімдік таратқан мәліметте.

Бұған дейін хостелдегі өрттен 13 адамның қаза тапқанын хабарлағанбыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға