Заңды деп саналатын «Макао» ойын мекемесінде онлайн-казиноны заңсыз ұйымдастыру фактісін ҚМА Алматы облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Онлайн-казинода ойыншыға жеке басын анықтаусыз, қолданыстағы заңнамада белгіленген ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға ставка қоюға, яғни ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген. Ойындар «Макао» казиносының ғимаратынан жүргізілген.
Ағымдағы жылдың қаңтардың 16-нан 17-не қараған түні Департаменттің жедел-тергеу тобы тінту жүргізді, оның барысында: 225,5 млн теңге, 15 мыңнан астам еуро, 719 мың рубль, 34 мың юань, 38,5 мың АҚШ доллары, ұялы телефондар, бухгалтерлік құжаттар, жүйелік блоктар, ресивер, бейнекамералар, мониторлар, флэш-карталар, серверлер мен бейнерегистраторлар табылып, тәркіленді.
Тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Алматыда онлайн-казино ұйымдастырғандар ұсталды
Оқи отырыңыз
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?