Жаңалықтар

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев есімді жүргізуші қамауға алынды

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев есімді жүргізуші қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 19.02.2024 12:15 1433

23 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласындағы Сейфуллин мен Табаяқов көшелерінің қиылысында экс-президентпен аттас жігітті жол полицейлері тоқтатып, алкоголь қабылдағанын анықтаған. Осыдан кейін оны жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырып, көлігін айыптұрағына жеткізді.

Бұл шешіммен келіспеген жігіт апеллияциялық шағым түсірді. Ол жол полицейлері заңсыз тоқтатып, алкоголь деңгейін анықтау үшін қан тапсыруды талап еткенін жеткізді. Алғашқы медициналық сараптама ешқандай нәтиже көрсетпеген.

Алайда, Алматы қалалық сот Нұрсұлтан Назарбаевқа тағылған айыпты өзгеріссіз қалдырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға