Жаңалықтар

Алматыда мейрамхананың жазғы террассасы сүріледі

Алматыда мейрамхананың жазғы террассасы сүріледі
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 13.05.2023 08:22 702

Алматының орталығындағы «Чачапури» мейрамханасының жазғы террасасы заңсыз тұрғызылған. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, тұрғындардың өтініші негізінде қала құрылысын бақылау басқармасы Абылай хан даңғылы, 107 мекенжайдағы тұрғын үйге қосалқы салынған нысанды және жазғы алаңға тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша жалға алушы «Матадор» ЖШС ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 322-бабы 1, 319, 323-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды, басқарма меншік иесі мен жалға алушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа және мемлекеттік қор аумағында орналасқан заңсыз салынған жазғы алаңды бұзу туралы ауданаралық экономикалық сотқа талап арыздар берді, - делінген.

Басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылғанымен, Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түскен.

Сот процестері 2023 жылдың 25 сәуірінде аяқталды – апелляциялық соттың қаулысымен сүру туралы шешім өзгеріссіз қалды. Сүру ағымдағы жылдың 12 мамырында сот орындаушыларының қатысуымен басталды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға