Жаңалықтар

Алматыда метро уақытша жабылды

Алматыда метро уақытша жабылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 04.03.2024 13:21 440

Жер сілкінісіне байланысты Алматыдағы метро жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті жолаушылар! Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексеру жұмыстарын жүргізетін боладв. Осы орайда Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат көлемінде қайта іске қосылады, - делінген ақпаратта.

Қазіргі кезде метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды.

Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға