Жаңалықтар

Алматыда мектептер мен колледждерде сабақ болмайды

Алматыда мектептер мен колледждерде сабақ болмайды
Фото: Видеодан кадр 04.03.2024 12:53 1234

Алматы қаласының Білім басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті ата-аналар! 4 наурыз күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 2-ауысымдағы сабақтар болмайды. Балабақшалардағы балаларды ата-аналар қалауы бойынша алып кетеді.

Айта кетейік, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2.
MPV магнитудасы 6.1.
Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б.
Тереңдігі 10 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға