Жаңалықтар

Алматыда «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы аясында 4108 балаға көмек берілді

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Алматыда «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы аясында 4108 балаға көмек берілді
Фото: pixabay.com 01.09.2022 15:31 743

Алматыда «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы аясында 4108 балаға көмек көрсетілді, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, демеушілердің арқасында «Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы аясында тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 4108 балаға жалпы сомасы 70,6 млн теңгеге көмек көрсетілді.

Бұдан бөлек, жергілікті бюжеттен тұрмысы төмен отбасынан шыққан 20 мың оқушыға 800 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

«Биыл аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларды мектепке дайындау аясында жергілікті бюджеттен 847 млн теңге бөлінді. Алматының 20 мыңға жуық оқушысы мектеп формасы мен оқуға қажетті керек-жарақ сатып алу үшін «Жаппай оқыту» қорынан 43 мың теңге көлемінде қаржы алды»,- деп атап өтті әкімдіктен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға