Жаңалықтар

Алматыда мектеп директоры жұмысынан қуылды

Алматыда мектеп директоры жұмысынан қуылды
Фото: Видеодан кадр 28.02.2024 14:04 2379

Алматыда киім ауыстыру бөлмесінде оқушылары бірін-бірі жаншыған №41 мектеп директоры жұмысынан қуылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келеңсіз жағдай 27 ақпанда екінші ауысымнан кейін болған. Киім ауыстыру кестесінің дұрыс ұйымдастырылмауынан оқушылар жаппай сығылысып қалған. Зардап шеккендер жоқ.

Бұл жайтқа қатысты Алматы білім басқармасы пікір білдірді.

Жобалық қуаты 870 орынға есептелген мектепте екі ауысымда 1426 оқушы білім алады. Білім ордасындағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 2023 жылы "Самғау-2" шағын ауданында 2000 орындық "Комфорт" мектебінің құрылысы басталды. 27 ақпан күні екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушылар қарасы көбейіп кетті. Оның себебі – оқушылардың киімін ауыстыру үдерісінің дұрыс ұйымдастырылмауы, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға