Жаңалықтар

Алматыда «Мектеп автобусы» жобасын іске асыру жалғасуда

Алматыда «Мектеп автобусы» жобасын іске асыру жалғасуда
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 13.06.2024 19:19 335

Алматыда 2023 жылы 8,3 мыңнан астам оқушыны мектеп автобустары тасымалдаған, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

151 шақырымға созылған жарыста Оңтүстік Корея өкілі Ро Ким жеңіске жетсе, күміс медальді қытайлық Сянжин Лью иеленді

«Мектеп автобусы» жобасы аясында 2023 жылдың қорытындысы бойынша мегаполисте 30 мектептен 8,3 мың оқушыны 97 жаңа автобус тасымалдады. Бұл туралы Алматы мәслихатының кезекті ХІХ сессиясында қалалық қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша оқушыларды тасымалдаудың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2023 жылдан бастап әкімдіктің жобалық офисінің қолдауымен «Мектеп автобусы» жобасы іске асырылуда. Жоба мектептерден алыс тұратын төмегі сынып оқушыларын қамтиды. Оны жүзеге асыру үшін қала 2023 жылы 100 арнайы автобус сатып алды. Ағымдағы жылы тағы 100 автобус сатып алып, мегаполистің қосымша 27 мектебін қамту жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға