Жаңалықтар

Алматыда командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды

Алматыда командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды
Фото: Видеодан кадр 25.11.2023 16:55 964
Алматыда "Қыс-2023" командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, аталған оқу-жаттығу аясында қалалық басқару мекемелерінің күштері мен құралдарының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығы тексерілген. 

Тіршілікті қамтамасыз ету объектісі Батыс жылу кешенінің аумағында шартты өрт жойылды, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары, сондай-ақ кешеннің жұмыскерлерін әртүрлі тәсілдермен эвакуациялау элементтері пысықталып отыр. 

Сонымен қатар, оқу-жаттығуға 252 адам және 67 арнайы және құтқару техникасы жұмылдырылғаны айтылды. 


 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға