Жаңалықтар

Алматыда көлік ұрлағандар ұсталды

Алматыда көлік ұрлағандар ұсталды
Фото: polisia.kz 07.03.2023 10:09 630

2000 және 2004 жылы туған екі ер адам қалада көлік ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, олар Айнабұлақ  шағын аудандағы үйлердің бірінің ауласынан көлікті ұрлап, ұсталған.

"Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасыловтың айтуынша, криминалдық полиция бөлімі көлік ұрлаумен айналысқан екі адамды ұстады. Олар өз қылмысын мойындады", – делінген хабарламада.

Қазір ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған көлік тәркіленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға