Жаңалықтар

Алматыда хиджабтағы әйел ондаған адамды тақырға отырғызып кеткен

Алматыда хиджабтағы әйел ондаған адамды тақырға отырғызып кеткен
Фото: Ішкі істер министрлігі 07.11.2023 13:45 1371

Алматы обылсында 38 жастағы әйел ондаған адамды алдап, тәртіп сақшыларының қолына түсті. Хиджабқа оранған әйел, бұған дейін де бірнеше рет істі болғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметінің хабаралуынша, әйел адам бұған дейін 15 адамды алдап соққан. Ол өзі пәтер жалдап ақшасын төлейтін кезде, оны басқа адамға жалға беріп отырған.

Онымен қоймай, жалға берген адамдардың бәрінен бір немесе бірнеше айдың ақшасын сұрап, алданған адамдардан кем дегенде 150-400 мың алған. 

Skifnews.kz-тің хабарлауынша, қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге әйел адамның бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін, істі болғаны анықталды. 

Бұл оқиғадан хабардар болған әлеуметтік желі қолданушылары хиджабтағы әйелді қатаң сынға алуда. 

"Осылардан бәрін күтуге болады", "Неге? Жақсы емес пе? Біздің ұятмендер қайда? Ашық-шашық киінген қыздармен алысатын... Сондықтан бұлардан бәрі шығады, бәрі адамға байланысты", "Орамалдағы сайтандар десейші", деп жазды олар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға