Жаңалықтар

Алматыда хиджабсыз өнер көрсеткен шахматшы азаматтығын ауыстырды

Алматыда хиджабсыз өнер көрсеткен шахматшы азаматтығын ауыстырды
Фото: Uno TV 27.07.2023 15:32 538

Алматыдағы турнирде хиджабсыз өнер көрсеткен ирандық шахматшы Испания азаматтығын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түрмеге түсу қаупі төніп тұрған ирандық шахматшы Сарасадат Хадемальшарие енді Испания азаматы атанды.

Оқи отырыңыз:

Сара Хадем деп танылған Сарасадат Хадемальшарие былтыр желтоқсанда Алматыда жылдам шахматтан турнирге қатысты. Иран заңдарының талабына қарамастан, Сарасадат Хадемальшарие турнирде хиджабсыз өнер көрсетті.

Осыдан соң Иран 22 жастағы спортшыны қамау туралы санкция берді. Бойжеткен отанына оралудан бас тартты.

Сарасадат Хадемальшариенің сөзіне қарағанда, ол өзінің бұл әрекетіне еш өкінбейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға