Алматыда әлемнің түрлі асханасын бағалаушы нағыз талғампаз гурмандардың басын қосты. Мұнда Алматы тұрғындары мен қала қонақтары ғана емес, Катар, БАӘ және Ұлыбританиядан келген фудблогерлер, сонымен қатар, Үндістан мен Қытайдан келген туристер де бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фестивальді Алматы қаласының Туризм басқармасы және қонақтар үшін мерекелік атмосфера жасаған арнайы мамандар ұйымдастырды. Фестивальде мексикалық, ливандық, американдық, азиялық және қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуға болады. Ал балалар үшін аниматорлар өнер көрсететін арнайы аймақ ұйымдастырылып отыр.
Мұнда әлемдік деңгейдегі аспазшылардың аспаздық шоулары мен шеберлік дәрістері, бармендер мен баристалар сайысы, фермерлік өнімдер көрсетіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Әр күні кеш соңында қонақтарға қазақстандық эстрада артистері өнер көрсетеді.
Almaty Food Fest 2023 Абай атындағы алаңда екі күнге созылмақ.
Алматыда халықаралық гастрофестиваль басталды
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары