Жаңалықтар

Алматыда халықаралық Digital форумы басталды

Форум екі күнге жалғасады
Алматыда халықаралық Digital форумы басталды
Фото: Үкімет 02.02.2023 11:02 903

Алматыда V халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» цифрлық форумы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Форумда елдегі технопарктердің, халықаралық вендорлардың және венчурлік қорлардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда индустрия 4.0. және Innovation Center индустриялық өнеркәсіптегі инновациялар мен үздік IT әзірлемелер көрсетіледі.

Стартаптар аллеясында FinTech, Smart City, EDtech, GameDev, IoT, 5G, SaaS, Blockcain, Big Data, MedTech, Logistic&Travel және т.б. саладан 100 жаңа жоба ұсынылады.

Бұған қоса, IT саланың жетекші өкілдерінің қатысуымен технологиялық марафон, воркшоп, жоғары оқу орындары мен бос орындар жәрмеңкесі өтеді.  

Дәстүр бойынша форум аясында ASTANA HUB BATTLE технологиялық марафоны - үздік IT-стартап үшін сайыс өтеді. Жүлде қоры $18 000. Форум екі күнге жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға